Шығыста бұршақ жаууы ықтимал
Сурет: klike.net
Синоптиктер 6-8 шілде күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел соғады, 6-7 шілдеде орталықта қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.
Еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз.
"Батыста, оңтүстікте күндізгі температура 33-42 градус ыстық, республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендейді, солтүстік-батыста және орталықта 22-35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте 23-30 градус, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градус жылы", - делінген хабарламада.