KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

4-6 шілде күндері ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

3.07.2023, 15:51 323 Оразай Жеңісұлы

Синоптиктер 4-6 шілде күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Сондай-ақ батыста күндізгі температура 33-39 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі, республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: солтүстік-батыста және орталықта 25-35 градусқа дейін, солтүстікте 25-30 градусқа дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін, оңтүстікте 25-38 градусқа дейін", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу