Қытаймен шекарадағы бұрынғы аудандардың мәртебесі қайтарылды
Фото: gov.kz
Қытаймен шекарадағы бұрынғы аудандардың мәртебесі қайтарылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Оның айтуынша, шекара маңындағы аудандардың инфрақұрылымын дамыту қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асып жатыр.
Мәселен, 2019-2022 жылдары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша шекаралық ауылда 1,5 мың жоба іске асырылған. Биыл 134 ауылда 300-ге жуық жоба нәтиже берді. Сондай-ақ ведомство басшысы шекаралық ауылдарға сапалы интернет орнату мәселесінің де қаралып жатқанын айтты.
"Туризмді, трансшекаралық туризмді дамыту үшін қазіргі таңда тиісті жол картасы әзірленуде. Шекаралық аудандар дегенде әсіресе Қытаймен шектесіп жатқан кейбір аумақтардағы бұрынғы аудандардың мәртебесін қалпына келтіру мәселесі қарастырылып жатыр", – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.