KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
475.18 510.72 5.47

Риддер ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр – қала әкімі

11.12.2023, 09:10 155 Оразай Жеңісұлы

Риддердегі жылу электр орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы қала әкімі Дәулет Батырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

– Бірқатар ақпараттық ресурстар төтенше жағдайға байланысты жылу электр орталығының жұмысы тоқтап қалды деген ақпарат таратты. Өйткені Риддер қаласы әкімінің аппаратты жергілікті ақпараттық ресурстарға дұрыс тұжырымдалмаған хабар берген. Жылу электр орталығында жылу өшкен жоқ, қазандық қондырғыларының жұмысы тоқтаған жоқ. Станция штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жылу және ыстық су үздіксіз беріліп жатыр.
10 желтоқсанда қысқа тұйықталу салдарынан қазандыққа көмір жеткізетін диірменнің электр жабдығында ақау пайда болды. Сол кезде №2 қазандық агрегатында қосымша автоматиканың қорғаныс жүйесі іске қосылды, сол арқылы көмір уақытша мазутқа ауыстырылды. Бұл қалыпты жұмыс процесі деп есептеледі. Риддер ЖЭО-ны қалпына келтіру кезінде жүргізілген жөндеу жұмыстары мен жедел іске қосылған автоматиканың арқасында екі сағат ішінде қазандық көмір отынына қайта ауыстырылды.
Ақауды жою кезінде тұрғын үйлерде температура +20 градустан төмен түспеді, яғни бекітілген нормаға сай болды.
Қазіргі уақытта Риддер ЖЭО штаттық режимде, төрт қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, екеуі – резервте. Қаланы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету бақылауда және үздіксіз жүзеге аса береді.
Құрметті қала тұрғындары, әкімдіктің бұрыс ақпарат бергені үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Сондай-ақ Риддер әкімдігі ашықтық қағидатын ұстанып, ақпараттың жалпы жұртқа қолжетімді болуына жағдай жасайды, осыған сеніңіздер, – деп жазды Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив