KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Риддер ЖЭО: №2 қазандық осы аптаның соңына дейін іске қосылады

5.10.2023, 21:02 241 ALTAINEWS

Осы аптаның соңына дейін Риддер жылу электр орталығының орташа қысымды №2 қазандығы іске қосылады.

Қазір қазандықты қосу-баптау және қаптау жұмыстары аяқталуға тақаған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Ал, жоғары қысымдағы №4, №5, №6 қазандықтарды күрделі жөндеу тәуліктік режимде жалғасуда. Ол жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарашаның 15-не дейін толық аяқталуға тиіс. Жөндеу жұмыстарымен бірнеше ауысымда 400-ден астам еңбеккер айналысып жатыр.

Бүгінгі таңда, яғни 5 қазанда Риддер жылу-электр орталығында күрделі жөндеуден өткен орта қысымдағы №1 және №3 қазандықтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Қазір №3 қазандық қалаға ыстық су, ал әлеуметтік мекемелерге жылу беруде. Жақын арада №1 қазандық агрегатының қуаты номиналды көрсеткіштерге жеткеннен кейін қаланың тұрғын үйлері мен мекемелеріне, өндірістік кәсіпорындарға жылу беру басталады.

Осылайша, жылу-электр орталығындағы барлық алты апатты қазандық толықтай жөндеуден өтіп, технологиялық тізбек қайта қалпына келтірілмек.

Өткен жылыту маусымында Риддер жылу-электр орталығында 84 апатты өшіру болғаны белгілі. Күрделі жөндеуден кейін алдағы жылу беру маусымы штаттық режиде өтуге тиіс деп сендіріп отыр сала мамандары.  


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив