Глубокоедағы жылу қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр – әкімдік
Шартты сурет
Глубокоедағы жылу қазандығы штаттық режимде өз жұмысын жалғастырады.
Бұл туралы Глубокое ауданының әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 6-7 желтоқсан күндері Глубокоедағы жылу қазандығынан ақау шығып, жұмысын тоқтатқан болатын.
Облыс әкімі жағдайды өз бақылауына алып, қалпына келтіру үшін барлық қажетті ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.
- Қазір қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Температуралық режим сақталады. Жағдайдың бірқалыпты болуы үшін мамандар кезекшілік етіп, бақылайтын болады, - деді Эльдар Тумашинов.
Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындарға жылу және ыстық су беру бойынша жылумен жабдықтау қызметі үшін қайта есептеу жүргізіледі.
Оқи отырыңыз