KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Риддер ЖЭО-да іске қосу-баптау жұмыстары штаттық режимде жүргізіліп жатыр

9.10.2023, 20:46 304 Мадина Амангелдіқызы

Кеншілер қаласында қысқы маусымға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Тұрғын үйлер мен мекемелерге ыстық су беріліп, біртіндеп жылу да қосыла бастады. Болашақта жылу көзінің үздіксіз жұмыс істеуіне сенімді болу үшін мамандар барлық қажетті технологиялық талаптардың сақталуын аса мұқият қадағалайды.

Бүгін қала әкімі Дәулет Батырбаев қосымша тексеру жүргізу үшін Риддер жылу электр орталығындағы №1 қазандық жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Сол себепті шаһар тұрғындары жылу температурасының төмендегенін байқауы мүмкін., бірақ алаңдауға негіз жоқ, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Айта кетейік, бұл – іске қосу-баптау жұмыстарының міндетті түрде атқарылуға тиіс бөлігі саналатын штаттық технологиялық рәсім. Ал қалада ыстық сумен қамту қалыпты бұрынғы қалыпты режимде жүргізіле береді. 

- Күрделі жөндеуден өткен электр станцияларының жабдығы 48 сағат ішінде жүктемемен қабылдау-тапсыру тексеруінен өткізіледі. Жабдықты кешенді тексеру негізгі жабдықтың қалыпты жүктемесі және жылу электр станциясы үшін будың жобалық параметрлері (газ турбиналық қондырғылар үшін) бар негізгі отынмен 72 сағат ішінде қалыпты және үздіксіз жұмыс істеген жағдайда судың қысымы мен шығыны кезінде жүргізілді деп есептеледі, – деп түсіндірді Дәулет Батырбаев.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай рәсім №3 қазандық агрегатында 2-3 қазан күндері жүргізілді, содан кейін қазандық қайтадан іске қосылды. Риддер әкімі қала тұрғындарын бұл жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу