Бір күнде онколог мамандар 150-ден астам тұрғынды қабылдады - ШҚО
ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында ұйымдастырылған ашық есік күні онколог мамандар 150-ден астам тұрғынды қабылдады.
Кез келген адам МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, учаскелік терапевтің жолдамасынсыз-ақ онкогинеколог-дәрігерлерден білікті кеңес алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Онкогинекологтар тек тексеру жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар әйелдердің жыныс органдарының онкопатологиясының алдын алу әдістері туралы айтып берді.
Онкологиялық орталыққа сол күні келгендер мұндай іс-шаралар өте ыңғайлы екенін атап өтті, өйткені білікті дәрігерге жолдамасыз, алдын ала жазылусыз кірді.
Фото: Денсаулық сақтау басқармасы