Өскемен қалалық онкологиялық орталығында Ашық есік күні өтеді
шартты сурет
Облыс орталығының тұрғындары қатерлі ісіктің ең агрессивті түрлерінің бірі – меланома мен тері қатерлі ісігінің пайда болуын тексере алады.
Көпсалалы онкология және хирургия орталығында қабылдауды жоғары білікті онкологиялық дәрігерлер жүргізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Нақты айтсақ, 27 мамырда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін меланома мен тері қатерлі ісігіне қарсы Ашық есік күні өтеді. Бұл күні жетекші мамандардан кеңес алуға және теріні алғашқы тексеруден өткізуге мүмкіндік бар. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы керек, учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді", деп хабарлайды медициналық мекеменің баспасөз қызметі.
Ашық есік күні Потанин көшесі, 6 мекенжайында орналасқан 1 корпустағы онкологиялық орталықта өтеді. Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 48-91-51, 8-778-003-78-45.
Оқи отырыңыз