ШҚО-да 160-тан астам әйел онкологтардан тегін кеңес алды
ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында өткен ашық есік күнінде медицина мамандарынан тегін кеңес алу үшін 160-тан астам әйел келген.
28 қаңтар күні ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында жатыр мойны обырының алдын алуға арналған ашық есік күні өткен болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ашық есік күні онкологиялық орталыққа 162 әйел келіп, барлығы цитологиялық зерттеуден өтті. Тексерілгендер ішінде қатерлі ісі болуы мүмкін деген күдікіпен 4 жағдай, қатерлі ісікке дейінгі жағдайлар 19 адамда анықталған.
Орталықтың онколог-гинекологы Жансай Серікованың айтуынша, ШҚО-да жатыр мойны обырымен есепте 885 әйел тұрған көрінеді.