KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
525.11 546.74 4.88

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттері 98,4 млн теңгенің айыппұлын салды

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

5.02.2024, 14:34 243

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 200-ден астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен 2023 жылғы 1 шілдеде елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілгені белгілі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің апараты бойынша, оның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.

 2024 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 204 тексеру жүргізген, оның 29-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 175-і жоспардан тыс тексерулер.

Мемлекеттік бақылаумен қамтылды: әкімдіктер – 16, жергілікті атқарушы органдар басқармалары – 2, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері – 2, мектептер – 167, дүкендер – 4, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 2, мәдениет үйі – 1, банк филиалы – 1, нотариус – 1, мұрағат – 1, балабақша – 1, колледж – 1, кафелер, мейрамханалар – 2, ЖК – 3.

Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.

«ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы 1 783 тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берді, 98,4 млн теңгеден астам сомаға 467 айыппұл салды»,-деп атап өтті Министрліктің баспасөз қызметі.


 

 

                                                                       Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу