1 шілдеден қызметке кіріскен әлеуметтік инспекторлар қандай шаруа атқарды?
Фото: egemen.kz
ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген соң осы жылдың 1 шілдесінде елімізде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру құзыретіне ие мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді.
Әлеуметтік инспекторлар 62 тексеру жүргізді, оның 45-і жоспардан тыс және 17-сі профилактикалық бақылау шеңберінде, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
13 мектеп, жергілікті атқарушы органдардың 8 аудандық бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары, 8 әкімдік, 7 дүкен, 4 сауда орталығы, 3 медициналық-әлеуметтік мекеме, 3 аурухана, 2 банк бөлімшесі, 3 Қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 санаторий, 1 университет және т.б. мемлекеттік бақылаумен қамтылды.
Павлодар облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті қала тұрғынының өтініші негізінде «Алла» дүкеніне, «Дудкина Галина Ивановна» ЖК жоспардан тыс тексеру ұйымдастырды.
Тексеру нәтижесі бойынша жеке кәсіпкерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым беріліп, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек.