Бозанбайда республикалық бүркітшілер чемпионаты басталды
ШҚО әкімдігі мен Ұлттық спорт федерациясының ұйымдастыруымен құсбегілердің ХVІІ республикалық чемпионаты басталды.
Бүркітшілер чемпионаты Ұлан ауданының Бозанбай ауылында өтіп жатыр. Түз тағыларының сайысында 60-тан астам бүркіт және 40-тан астам қаршыға мен ителгі сынға түсуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бозанбай ауылында қараша айында да бүркітшілер фестивалі өткен болатын. Осылайша биыл Ұлан жерінде құсбегілер екінші мәрте қырандарын сайыстырып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін ШҚО әкімі Бозанбай ауылында бүркітшілер орталығы ашылатынын айтқан еді. Сонымен қатар әлемге әйгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызының отбасы да Бозанбай ауылына қоныс аударған болатын.