KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Бүркітшілер фестиваліне орай Өскеменнен Бозанбайға автобус шығады

шартты сурет

22.11.2023, 18:04 734 Оразай Жеңісұлы

Ұлан ауданында өтетін бүркітшілер фестиваліне орай «Өскемен-Бозанбай» бағытына автобус шығады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Автобус 25 қараша күні сағат 9:00-де Абай даңғылындағы автобекеттен қозғалып, «Сол жағалау полиция бөліміне» («Жатақхана» аялдамасы) дейінгі аялдамаларға тоқтайды. Қажет болған жағдайда, сағат 10:00-да қосымша рейс те ұйымдастырылады.

Естеріңізге саламыз, «Шығыс салбұрыны-2023» халықаралық бүркітшілер фестивалі 25 қарашада Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округіндегі ипподромда өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу