Қазақстанның қай өңірінде етті көп жейді
Фото: pixabay
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың төртінші тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну деректерін жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz - ке сілтеме жасап.
Бюроның мәліметі бойынша, азық-түлікті сатып алуға жұмсалған шығындардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне – 17,4%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне – 8%, сүт өнімдеріне – 5,4% келеді.
Бұл ретте басқарма нан және жарма өнімдерін ең көп тұтынатындар Түркістан облысында – 44,1 кг (тоқсанына жан басына шаққанда), ет және ет өнімдері Жамбыл облысында – 25,8 кг.
Балық өнімдерін жиі тұтынатын Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары тоқсанына бір адамға 5,2 кг балық жейді.
Түркістан облысында көкөністер – 23,8 кг, жемістер – Алматы қаласында – 22,1 кг, ал тәттілер Ұлытау облысында – 14,4 кг көбірек тұтынылады.