KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Шығысқазақстандықтардың «сүйікті» тағамы – балық

сурет: freepik.com

13.03.2024, 09:10 77 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық статбюро 2023 жылдың ІV тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну көлемі жөніндегі деректерді жариялады. 

Шығыс Қазақстан балық өнімдерін ең көп тұтынатын өңірдің бірі болып шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл қатарда Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан да бар. Үш өңірдің әрбір тұрғыны бір тоқсанда 5,2 кг балық өнімін талғажау етеді.

Нан мен жарма өнімдерін ең көп тұтынатын – түркістандықтар. Тоқсанына жан басына шаққанда – 44,1 кг.

Ет және ет өнімдері жамбылдықтардың дастарханынан жиі табылатын көрінеді –  25,8 кг. Түркістан облысының тұрғындары көкөніс тұтынудан да алда – 23,8 кг, ал жемісті алматылықтар сүйіп жейді – 22,1 кг. Ұлытау облысындағылар тәттіге құмар болып шықты – 14,4 кг.

Соңғы бес жылдағы деректерді алып қарасақ, ет пен балық тұтыну көрсеткіші жыл сайын ІV тоқсанда, ал көкөніс пен жеміс тұтыну ІІІ тоқсанда көбейетінін байқауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив