KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Ұшақтан жылдам пойыз бар ма?

Фото: Yuan Yi

18.03.2024, 16:42 91 Ынтымақ Толқын

Қытайлық инженерлер пойыз жылдамдығын сағатына 623 шақырымға үдетіп, рекорд жаңартты.

Инженерлердің айтуынша, сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен жүйіткитін пойызды көретін күн жақын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Рекорд орнатқан "T-Flight" деп аталатын пойызды Қытайдың мемлекеттік аэроғарыштық ғылым және өнеркәсіп корпорациясы (CASIC) жасаған. T-Flight – бұл маглев пойызы. Оны сынақтан өткізу барысында инженерлер екі километрлік магниттік туннельді жол салған. Ауа кедергісі өте аз жолда пойыз сағатына 623 километр жылдамдықты көрсетіп, әлемдік рекорд орнатты. Ал осыған дейінгі ең жоғары жылдамдық Жапондық "l0 series SCMaglev" пойызына тиесілі еді. Ол сағатына 603 шақырым болатын шектік жылдамдық көрсеткен екен. 

CASIC инженерлері сынақтың екінші кезеңін өткізу үшін Шанхай мен Ханчжоу қалаларының арасына маглев жүйесі бойынша темір жол салып, пойыз жылдамдығын одан ары арттырып көрмек. Айтуларынша T-Flight жолаушы тасымалдайтын кейбір ұшақтарды басып озатын ең жылдам пойыз болмақ. Алдағы уақытта оның жылдамдығын сағатына 1000 шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив