Бірінші сыныпқа қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Қазір облыс бойынша 6855 оқушының құжаты қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышеваның айтуынша, балаларды 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірден басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Қазір облыс бойынша мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 10 143 оқушының 6855 (67,5%) құжаттары қабылданған.
– Өңір мектептеріне жаңа оқулықтар сатып алуға 450 млн теңге қаржы қарастырылған. Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен тізім бекітілген соң бізге қажетті оқулықтарды нақтылап, соңғы өтінімді жібереміз, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Оқи отырыңыз