KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 5 м/с, С
518.57 566.59 6.05

ШҚО-да 9400-ден астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

19.05.2023, 20:36 276 Ләззат Қанатқызы

Биыл ШҚО-да 9400-ден астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды.

Республика бойынша бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина айтты.

– Биыл облыс бойынша 9404 бала бірінші сыныпқа қабылданады. 15 мамырдағы жағдай бойынша оның 63,8 пайызы, яғни 6004 бүлдіршін өтініш беріп үлгерген, – дейді Динара Шаухина.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

Өтініш беру үшін білім ордасына барудың қажеті жоқ, қазір құжаттарды Egov электронды үкімет порталында тапсыруға да болады.

Сондай-ақ биыл облыс мектептері үшін жаңа оқулықтар сатып алуға 450 миллион теңге қарастырылған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу