KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
495.28 518.41 5.44

ШҚО: 1-сыныпқа құжат қабылдау жүріп жатыр

Фото: ortalyq.kz

15.06.2023, 11:42 315 Ләззат Қанатқызы

Қазіргі күні жалпы республика бойынша 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түскен.

Құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің хабарлауынша, балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

- Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Ата-аналар белсенді. Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп, – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Қазір бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдердің жоғары көрсеткіштері Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында байқалады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу