KZ
Өскемен
-4°
туман жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

сурет редакция архивінен

4.06.2024, 09:05 147 Оразай Жеңісұлы

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл егемендік атрибуттарының қабылданғанына 32 жыл толып отыр.

Бұл – ерекше дата. Көк байрағымыз бен елтаңбамыз, әнұранымыз — тарихымызды, мәдени мұрамызды, күшіміз бен болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын қасиетті нышан.

Ел Президенті мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар екенін бірнеше рет атап өтті. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – биік  азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.

Мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректерді ұсынамыз.

1. Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады.

2. Ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек.

3. 1992 жылы қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған.

4. Мемлекеттік мекеме маңдайшаларында Ту міндетті түрде болуы керек.

5. Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілген.

6. Қазіргі Әнұранымыз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды.

7. Қазақстандағы ең үлкен ту елордадағы «Атамекен» этномемориалдық кешеніндегі Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан. Биіктігі – 111 метр. Кешен 2009 жылы салынған.

8. 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың Туын ғарышқа апарды.

9. Монблан шыңында (4 810 м), Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және Эверест шыңында (8 800 м) еліміздің Туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.

10. 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстанның Туы Жерді 150 рет айналып ұшты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу