KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Өскемен орталығында жарық өшіп қалды

фото: depositphotos.com

5.06.2024, 09:30 518 Айна Ескенқызы

Облыс орталығында бүгін таңертең, сағат 8:00 шамасында, кенеттен жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Электр энергиясы көпқабатты үйлерде, Қазақстан, Горький көшелеріндегі кеңсе ғимараттарында (Республика алаңы ауданында) жоқ. Сондай-ақ Қазақстан мен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысындағы бағдаршамдар жұмыс істемей қалды.

«Біріккен ЭнергоСервистік компаниясы» АҚ деректеріне сүйенсек, трансформаторлық қосалқы станциядағы апат салдарынан жарық сөніп қалған.

«Энергиямен жабдықтау жақын арада қалпына келтіріледі», - деп мәлімдеді «БЭСК» АҚ баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу