19-шы ауданда жарық өшіп қалды – Өскемен
шартты сурет
Облыс орталығының 19-шы шағын ауданындағы бірнеше үйде жарық өшіп қалды.
Мамандар қазір желілерді қалыпқа келтіріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ-ның қызметкерлері резервтік желінің ақауын жөндеу кезінде, электр энергиясының негізгі кабелін зақымдаған алған. Соның салдарынан Әл-Фараби даңғылындағы 32-ші және 34-ші үйде, Есенберлин даңғылы 4, 4а, 4/1, 4/2 мекенжайларында жарық өшіп қалды. Мамандар жұмыс істеп жатыр, жарық көп ұзамай қайта қосылады, – деді қаланың ТҮКШ бөліміндегі мамандар.
Оқи отырыңыз