Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды
Фото: depositphotos.com
Қазақстан Үкіметі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, 31 552 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
717 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтерге ие болды. Мәселен, Қостанай облысының тұрғындарына 298 үй/пәтер ұсынылса, Ақмола облысында — 85, Ақтөбе облысында — 121, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Батыс Қазақстан облысында — 70, Қарағанды облысында — 6, Павлодар облысында — 2 жаңа баспана берілді. Зардап шеккен тұрғындарға арнап шамамен 1 862 жаңа үй салынып жатыр.