Тасқыннан зардап шеккен 20 мыңнан астам отбасыға көмек берілді

t.me/KZgovernment
ҚР Үкіметінің ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.
ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жалғастыруда.
- 11 мамырдағы жағдай бойынша 130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Жалпы алғанда зардап шеккен өңірлерде 9995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады ҚР Үкіметі.
Оқи отырыңыз