KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, В
497.89 525.12 5

Өскеменде Ұлттық ұлан қызметкері қызды судан құтқарды

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

12.06.2024, 22:00 135 Айжанат Бақытқызы

Өскеменде Ұлттық ұланның әскери қызметкері Жанасбек Пермабек суға батып бара жатқан бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Шығыс»  өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Өскемен қаласында еңбек демалысында жүрген 6699 әскери бөлімінің жауынгері Жанасбек Пермабек жолдасы Дәурен  Тоқтағановпен бірге Үлбі өзенінің жағасындағы Протозанов көшесі бойында  келе жатып, өзеннің арғы бетінде тал қармап, айғайлап көмек сұраған бойжеткенді көреді. 

Іле-шала көлікке отырған екеуі Үлбінің арғы бетіне жедел жетіп, суға батып бара жатқан бойжеткені құтқарып қалды.

 - Бойжеткен өзенге құлап жатқан талдың бұтағынан ұстап әрең тұр екен. Мен талдың бойымен жағалап жүзіп, қыздың білегінен ұстап, жағаға қарай сүйредім. Ол жердің ағысы өте қатты болғандықтан, өзенге құлаған тал ағашы екеуіміздің салмағымызды көтермес деген қорқыныш болды. Дегенмен, бәрі сәтті аяқталды, - дейді  әскери бөлімнің ефрейторы Жанасбек Пермабек.

Айта кетсек, Жанасбек Ұлттық ұланда 2011 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Әскери қызметкер «Шығыс» өңірлік қолбасшысының бұйрығымен марапатталатын болады.                                                                                                                                    

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу