KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,3 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

ШҚО-да полицейлер суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарып қалды

6.05.2020, 03:51 295

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында полиция қызметкерлері суға батып бара жатқан  тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полицияның деректеріне сүйенсек, ішімдікке масайған екі ер азамат өзеннің арғы бетіне жүзу өтуге бәстескен.

Тәртіп сақшылары Ертіс өзенінің жағасында жүрген. Көмек сұрап айғайлаған адамды көріп, дереу құтқаруға кіріскен. Капитан Ернар Еслямов пен аға лейтенант Бақытбек Жұманкенов су батып бара жатқан тұрғынды жаға алып шықты. Оларға майор Шыңғыс Рақымжанов да көмектесті – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір департаментте тәртіп сақшыларына сыйақы беру жағы қарастырылып жатыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив