Өскеменде қыз бала өзенге құлап кетті
Фото: ШҚО ТЖД
Су жағасына салқындау үшін келген 2005 жылғы қыз бала Үлбі өзеніне құлап кеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күннің ыстығында салқындамақ ниетпен Үлбі өзенінің жағасына келген қыз бала абайсызды өзенге құлап кеткен. Абырой болғанда өзен шетіндеге ағаш бұтағынан ұстап қалған. Ал оның көмек сұраған дауысын естіген қала тұрғындары дер кезінде көмекке келіп, құтқарып қалған.
– Үлбі өзеніне құлап, ағаш бұтағынан ұстап қалған 2005 жылғы қыз бала өзгелерді көмекке шақырған. Қыздың көмек сұраған дауысын естіп, оның ағаш бұтағынан ұстап қалғанын судың келесі жағалауында жүрген екі азамат көріпті. Дәурен Тоқтағанов және Жаңасбек Пермабек есімді екі азамат тездетіп жетіп, қызды судан құтқарып қалған, – Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарын суға шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Оқи отырыңыз