KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да құтқарушылар шұңқырға құлаған ер адамды құтқарды

Фото: ШҚО ТЖД

28.06.2024, 15:04 57 Айжанат Бақытқызы

Төтенше жағдай департаменті құтқарушыларының күшімен гараждың шұңқырына құлаған 40 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Өскемен қаласында 1984 жылы туған ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон конструкциясы басып қалған.

Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ауыр бетонды көтеріп, ер адамды абайлап алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

ШҚО ТЖД мамандары төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажеттігін еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив