KZ
Өскемен
-7°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да әйел темір жол көпірінен құлап кетті

14.03.2022, 14:48 193

Шығыс Қазақстан облысы Риддерде құтқарушылар ауыр жағдайдағы әйелді тасымалдай алмаған дәрігерлерге көмекке келді. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Оқиға орнына келген құтқару қызметінің мамандарының болжамынша, жәбірленуші рельспен жүрген. Алайда аяғы тайып кеткен ол темір жол көпірінен құлаған. Әйел сөйлей алмаған, оның жағдайы ауыр деп бағаланған. Құлаған жерге пойыздың жақындауы құтқарушылар жұмысын қиындата түскен. Сол себепті құтқарушылардың зардап шегушіні алдымен төменге түсіріп, зеңбілге салуына, одан кейін жедел жәрдем көлігіне дейін көтеріп барып, дәрігерлерге тапсыруына тура келген. Осы ретте, төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды көктайғақ кезінде сақ болуға, асықпауға, қауіпсіздік шараларын ұстанып, аяқ киіміне назар аударуға шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу