KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шалғайдағы ауылдар сандық теледидарға қосылып жатыр – ШҚО

Фото: Holanews.kz

9.07.2024, 15:11 126

«Қазтелерадио» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 2023 жылдың қараша айында  Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында цифрлық эфирлік телехабар тарату (бұдан әрі - ЦЭТТ) Жаңаауыл, Жаңаталап  радио-, телехабар тарату станциялары бұдан әрі – РТС-тары қолдануға тапсырылғандығы туралы хабарланған.

ЦЭТТ – сандық теледидардың аналогтық сигналдан басты айырмашылығы – кедергіге төзімділігі. Сандық жүйенің сигналы тіпті ең шалғай елді мекендерге қаз-қалпында жетеді.

ЦЭТТ-ға көшу телевизияда ашылған жаңа бағыт. Сондай-ақ, цифрландыру шағын елді мекендерде аналогты форматтағы 2-3 телеарнаның орнына цифрлық форматта 15 телеарнаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді.

Жаңаауыл, Сарыөлең, Жаңаталап ЦЭТТ ұсынатын арналар: «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Первый канал Евразия», «ALTAI», «QAZSPORT HD», «МИР».

ЦЭТТ қосылу әдісі лифлетте екі тілде берілген, яғни, теледидар DVB-T2 цифрлық хабар тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек. Егер қолдайтын болса, тек дециметрлік антеннаны қосу жеткілікті. Ал, ескі теледидарлар, әдетте, DVB-T2 стандартын қолдамайды, сондықтан цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алу қажет болады, ол шамамен 5500-6500 теңге тұрады.

Цифрлық теледидарға қосылудың тәсілдері туралы толық ақпаратты Call-орталықтан алуға болады: 8(727)258-15-00, 8-8000800193; 8707-258-15-00 (WhatsApp, Telegram).

Сондай-ақ тікелей «Қазтелерадио» АҚ ШҚО филиалына жұмыс күндері (жұмыс уақытында) қоңырау шалуға болады: 8(7232)-77-77-39, 8(777)-064-1476.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив