Париж-2024: Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?
фото: olympic.org
Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында 5 тамыз күні Қазақстан құрамасы спортшылары қай сайыс түрінен сынға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
12:00 Оқ ату, скит, біліктілік (аралас). Қазақстандық команда қатысады.
15:50 Жеңіл атлетика, 200 метр, әйелдер арасындағы жұбаныш раунд. Ольга Сафронова қатысады.
18:00 Грек-рим күресінен 130 келі салмақта, ерлер арасында 1/8 финал. Әлімхан Сыздықов пен Alin Alexuc Ciurariu (Румыния) бақ сынасады.
18:00 Грек-рим күресінен 60 келі салмақта, ерлер арасында 1/8 финал. Айдос Сұлтанғали мен Zholaman Sharshenbekov (Қырғызстан) шығады.
Жазғы Олимпиада ойындарындағы медальдық есепте Қазақстан 28-орында. Біздің құраманың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола бар.