Париж-2024: Бүгін қазақстандық жеті спортшы сайысқа түседі

Фото: olympic.kz
Бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спорттың бес түрінен қазақстандық жеті спортшы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Olimpic.kz сайтына сілтеме жасап.
Стендтікату
12.00. Әйелдер. Іріктеу. Мария Дмитриенко
Дзюдо
13.00. Ерлер. Іріктеу. 81 келі. Абылайхан Жұбаназар - Атилла Унгвари (Венгрия)
13.00. Әйелдер. Іріктеу. 63 келі. Эсмигуль Куюлова - Лубьяна Пиовесана (Австрия)
Бокс
19.18. Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Каллум Питерс (Австралия)
23.00. Ерлер. 51 келі. Сәкен Бибосынов - Самет Гюмюш (Түркия)
Суға жүзу
11.15. Ерлер. Еркін стиль. 100 метр. Іріктеу. Әділбек Мусин. (23.30. Жартылай финал)
Садақ ату
22.03. Ерлер. Жекелей сын. 1/32 финал. Ильфат Абдуллин - Эрик Петерс (Канада)
Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.