KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.58 520.84 5.44

Париж-2024: Қазақ спортшылары қай спорт түрлерінен сынға түседі?

фото: meta-ratings.kz

10.07.2024, 16:30 121 Жанаргүл Мұқатай

Санаулы күндерден кейін, нақтырақ айтсақ, 26 шілде күні Франция астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады.

Қазақстан спортшылары бүгінгі күнге дейін 25 спорт түрінен 80 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Qamshy.kz. сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.

Жекелеген спорт түрлері бойынша қазақстандық боксшылар ең көп жолдаманы жеңіп алды.

Ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда (7 боксшы), ал әйелдер құрамасынан 3 боксшы жалпы 10 боксшы сынға түседі.

Одан кейінгі ең көп жолдаманы татами шеберлері жеңіп алды. Онда ерлер 5 салмақта, ал әйелдер 3 салмақта ел намысын қорғамақ. Үшінші орында жеңіл атлеттеріміз (7 спортшы) тұр.

Өкінішке қарай, биылғы Париж Олимпиадасына ауыр атлетеріміз бен әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз жолдамаға қол жеткізе алмады.

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жалпыға ортақ жолдарда жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив