Мемлекеттік білім беру тапсырысы 3 жылда алғаш рет 99%-ға игерілді
Фото: aauniv.com
Мемлекеттік білім беру тапсырысы соңғы 3 жылда алғаш рет 99%-ға игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ еліміздің батыс және халық тығыз қоныстанған өңірлерінің жастары үшін нысаналы гранттардың 100% игерілгені атап өтілді.
ҚР Ғылым және жоғары білім минситрлігінің ақпараты бойынша, 2024-2025 оқу жылына бакалавр бойынша 78 219, магистратура үшін 13 113 және докторантура үшін 2 919 грант бөлінді. Мемлекеттік тапсырыстың 60%-дан астамы экономиканың басым салаларында кадрлар даярлауға бағытталған.