Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
t.me/gylym_jogary_bilim
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілерінде 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрлік ақпаратына сүйенсек, гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық.
Жоғары оқу орындарына құжаттарды 25 тамызға дейін қабылданады.
Естеріңізге сала кетсек, гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.