Жұмыссыздар 46 млрд теңге алды
фото: depositphotos.com
Жұмыссыз қазақстандықтар жыл басынан бері 46 миллиард теңгеден астам қаражат алған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылардың саны 198,5 мың адам болған, бұл ретте 148,9 мың азаматқа төлем биылға тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 миллиард теңге шықты.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 45 пайызына дейінгі мөлшерде ФСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.