KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ның 35 мың тұрғыны мемлекеттен әлеуметтік төлем алды

Фото: kapital.kz

22.01.2024, 19:00 164

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 2023 жылы аталған қордан 35 мың адам 23,8 млрд теңгенің әлеуметтік төлемдерін алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Жалпы ел бойынша бұл көрсеткіш 750,7 млрд теңге сомаға 1,3 млн адамды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 70% - ға артық.

 

Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады, ол бюджет қаражаты есебінен төленеді.

 

2023 жылы ШҚО-ның 3562 тұрғыны қордан 1,2 млрд теңгенің төлемін алды. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 45642 теңге.

 

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша қордан 1,1 млрд теңге сомаға 3100 тұрғын төлем алды.

 

Филиалда түсіндіргендей, бұл жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған адамдарға бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады.

 

Қордан төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда - 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

 

ШҚО-ның 6370 тұрғыны қордан 1,4 млрд теңге сомаға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алды.

 

Айта кетейік, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады.

 

Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.

 

2023 жылы ШҚО-да 11,8 млрд теңге сомасына 7375 адам осы біржолғы төлемді алды. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1689748 теңгені құрады.

 

Қордан бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем баланың туған күнінен бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.

 

Төлем мөлшері соңғы 2 жыл ішінде қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40% құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.

 

2023 жылы ШҚО-ның 14962 тұрғыны 8,1 млрд теңгенің жәрдемақысын алды.

 

Осылайша, филиалдың баспасөз қызметі атап өткендей, жұмыс істейтін азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қосымша деңгейі есебінен әлеуметтік қорғау жұмыс істемейтіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

 

                                                                       Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу