KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Мемлекет басшысы несие мәселесіне ден қоюды тапсырды

Фото: Akorda

2.09.2024, 11:51 307 Нұржан Кенжеұлы

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев несие мәселесін де көтерді.

Мемлекет басшысының айтуынша, елдің әлеуметтік саласына, әсіресе, балаларды қорғау мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Ал балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болады. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза да қатайды. Елде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға бағытталған заң қабылданды. Президент, сондай-ақ халықтың несиеге батуы да өзекті мәселеге айналғанын атап өтті.

– Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен тікелей айналысып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болдыңыздар. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз. Табанды еңбектеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Әлі де атқаратын шаруа көп, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу