XXV қысқы Олимпиадаға арналған Қазақстан құрамасының спорттық киімі таныстырылды
Ккелер жылы өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың жаңа спорттық киімі әзірленді. Спортшыларға арналған киім жиынтығы барлығы 22 атаудан тұрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жиынтықтың құрамына Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыстар кезінде киілетін жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған спорттық киімдер енген. Барлық киімдер спортшылардың қолайлылығы мен ауа райының қатаң жағдайларын ескере отырып тігілген.
Айта кетейік, ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілердің қаржылай қолдауымен сатып алынуда.
Еске сала кетсек, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияда 6–22 ақпан аралығында өтеді.