KZ
Өскемен
-11°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
503.35 590.63 6.62

Жолдардағы көктайғақ: ІІМ азаматтарға үндеу жариялады

30.12.2025, 14:30 130 Ержан Әбіш

Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрлік әсіресе жол қозғалысына қатысты маңызды кеңестерді ұсынады:

•    Аса қажеттілік болмаса, үйден шықпау;
•    Алыс сапарларды кейінге қалдыру;
•    Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға тиіс;
•    Қауіпсіз жылдамдықты таңдап, күрделі маневрлерден аулақ болу;
•    Көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтау.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлағандай, қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Сондықтан азаматтарды жауапкершілік танытып, ресми хабарламаларды қадағалауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу