Шүлбі су электрстанциясы: қауіпсіздік — тұрақты энергетиканың негізі
Энергетика саласында ұсақ-түйек болмайды. Әрбір технологиялық шешім мен қызметкерлердің іс-әрекеті энергия жүйесінің тұрақтылығына ғана емес, ең алдымен адамдардың қауіпсіздігіне әсер етеді. Сондықтан Шүлбі су электрстанциясында еңбекті қорғау қағаз жүзіндегі талап емес, орнықты дамудың стратегиялық басымдығы ретінде қарастырылады.
Станциядағв еңбекті қорғауды басқарудың кешенді жүйесі өндірістік жарақаттың алдын алуға, қауіп-қатерлерді басқаруға және еңбек жағдайын үздіксіз жақсартуға бағытталған. Жұмыста Қазақстан Республикасының заңнамасы, салалық озық тәжірибе және ISO 45001 халықаралық стандарты басшылыққа алынады. Негізгі ұстаным — қауіптің салдарымен емес, алдын алуымен жұмыс істеу.
Барлық қызметкерлер міндетті нұсқамадан өтіп, жүйелі түрде оқытылады және аттестациядан өтеді. Оқыту барысында бейнематериалдар, интерактивті әдістер және нақты өндірістік жағдайларды талдау қолданылады. Мұндағы басты қағида — әр қызметкер тек өзі үшін емес, әріптестері үшін де жауапты.
Станцияда «Алтын қауіпсіздік қағидалары» енгізілген және нөлдік жарақаттануға бағытталған Vision Zero тұжырымдамасы іске асырылуда. Ол басшылықтың жеке үлгісін, қауіп-қатерлерді жүйелі бағалауды, нақты мақсаттар қоюды, қауіпсіз жұмыс орындарын қалыптастыруды және қызметкерлерді тартуды қамтиды. Vision Zero — қауіпсіздік корпоративтік мәдениетінің бір бөлігіне айналдыратын практикалық модель.
Еңбекті қорғау жүйесінде заманауи технологиялар кеңінен қолданылады: автокөлікті бейне және GPS арқылы бақылау, персоналдың электронды медициналық тексерулері, нұсқама кезіндегі бейне ақпараттандыру. Сонымен қатар, жасанды интеллект элементтері бар зияткерлік бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарланған. Бұл жеке қорғаныш құралдарын пайдаланудың тәртібін бақылауға және қауіпті аймақтардағы тәуекелдерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйелі жұмыстың нәтижесі айқын. 2025 жылы Шүлбі СЭС өндірісте 5555 күн жазатайым оқиғасыз жұмыс істеді. Бұл — персонал тәртібі мен басшылық жауапкершілігінің айқын айғағы.
Шүлбі су электрстанциясының тәжірибесі еңбекті қорғау шығын емес, тұрақты даму мен адами капиталға салынған маңызды инвестиция екенін көрсетеді.