KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Маңғыстауда оқтан қаза болған сарбаз туған жері Самарға жерленді

Фото: Ulysmedia.kz

10.09.2024, 12:01 126 Жанаргүл Мұқатай

Самар ауылында Маңғыстаудағы "Оймаша" полигонында қаза тапқан сарбаз Марат Ерболұлы Барқұлов жерленді,  деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Самар ауылында 19 жастағы Марат Ерболұлы Барқұловтың жерлеу рәсімі өтті, ол қызмет кезінде "рұқсатсыз атылған оқтан" көз жұмған. Марқұмның туыстары мен жақындары оны соңғы сапарға шығарып салды.

Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.  Бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында Самар ауданының Самар ауылынан барған сарбаз көз жұмған. Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз госпитальға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.

Әкесі баласының абайсызда өлім құшқанына сенбейді. Ол Қорғаныс министрінен бұл жағдайды өз бақылауына алып, тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив