KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Ақтау гарнизонындағы сарбазға оқ тиіп, қайтыс болды

t.me/modgovkz

8.09.2024, 23:00 122 Назерке Каримова

Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаздың бетіне оқ тиіп, қаза тапты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кеше сағат 17.10 шамасында лагерь бойынша кезекші гвардия лейтенанты ПМ 9 мм тапаншасынан рұқсатсыз оқ атып, гвардия сарбазы, қатардағы жауынгердің бетіне тиген.

Артынша қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министрлігі басшысына видеоүндеу жасады. Ол оқиғаның жан-жақты тергелуін талап етіп отыр және мұның оқыс жайт екеніне сенбейтінін айтқан.

- Іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде, - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. - Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.  


ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу