KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, З
487.42 531.39 5.04

Аударыспақтан ел қоржынына бес алтын, бір күміс медаль түсті

11.09.2024, 14:54 99 Қуаныш Рахметоллаұлы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақ бәсекесі аяқталды. Алты салмақтың бесеуінде Қазақстан, біреуінде Қырғызстан күміс медаль жеңіпалды.

Жарыстың екінші күнінде тоқсан, жүз және жүз келіден жоғары салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды. Атап айтсақ, 90 келісалмақ дәрежесінде қырғызстандық Ислам Бердібекұлы топ жарды. Екінші орын қазақстандық Есімхан Рахматілләға бұйырды.

Ал 100 келіде қазақстандық Сырым Ізбасаров тең келетірешкім болмады. Ол финалда Моңғолиядан келген ЕрболатЖеңісбекті таза жеңді.

Ал 100 келіден жоғары салмақта тағы бір қазақстандық Біржан Қосалиев үздік шықты. Финалда қырғызстандық Күмушбек Қыдырәлиевтен басым түсті.

Кеше 60,70, 80 келіге дейін салмақта жеңімпаздаранықталды.

 – Мен спортшыларымызды мақтан тұтамын. Олар нағыз жауынгерлер. Өйткені, атүстіндегі күресте жеңіске жету үшін әрі мықты балуан, әрішебер шабандоз болу керек. Ұлы бабаларымыздай батыл да епті болуымыз қажет. Дүниежүзілік ат үсті күресфедерациясының президенті ретінде барлық балуандардың дайындығы жоғары екенін атап өткім келеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты жарыстардың арқасында ұлттық спорт түрлерінің халық арасында танымал бола бастағанына өте қуаныштымын, – деді Халықаралық ат үсті күресі федерациясының және Қазақстан аударыспақ федерациясының президенті Марат Жұман.


«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткенаударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшықатысты. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.  Бір айта кетерлігі, алғаш рет АҚШ пен Түркияның балуандары өнер көрсетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив