KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 5 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Азиада-2022: Қазақстан қоржынына жетінші алтын түсті

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

5.10.2023, 14:54 809 Ләззат Қанатқызы

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Қазақстан қоржынына 3 медаль салды.

Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта финалда Біріккен Араб әмірлігінің өкілі Мохаммед Аль-Суваидимен күресті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық джиу-джитсу шебері қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Жартылай финалда осы салмақта М.Аль-Суваидиге есе жіберген тағы бір қазақстандық Алдияр Серік сингапурлық Ноа Лимді 2:0 есебімен ұтып, қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ Мансұр Хабибулла 62 келіге дейінгі салмақта тағы бір қола медальді Қазақстан қоржынына салды. Ол филиппиндік Александер Лимді 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив