ШҚО-да "Жас маман" жобасы аясында 8 орталық ашылады
ШҚО-да "Жас маман" республикалық жобасының аясында 2021 жылға дейін өнеркәсіп, қызмет көрсету, құрылыс және көлік сияқты 8 орталық ашылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аймақта алдағы уақытта техникалық және кәсіптік білім беру саласында дамытуда біршама жұмыстар атқарылмақ. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін инвестициялауға облыс бюджетінен 7 млрд теңге қарастырылған.
Бағдарламаның басты мақсаты - 2022 жылға дейін орташа білім алған мамандардың кәсібилігін 24%-ға, колледж түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуді 16%-ға көтеру.
- Бүгінде ШҚО-дағы колледждердің студенттері халықаралық WorldSkills қозғалысына қатысып, жұмысшы мамандықтарының маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп жүр. Соңғы екі жылдың көлемінде біздің облыстың құрамасы республикалық жарыста көшбасшы атанды. Оған дәлел де жетерлік. Қазақстан құрамасы 45-ші WordSkills Kazan әлемдік чемпионатында жүлдемен оралды. "Авиациялық жүйені пилотсыз басқару" режимі бойынша қазақстандықтар мехатроника бойынша «Medallion for Excellence» және "Вest of national» медальдарын иеленді, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.