KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Шығысқазақстандық оқу орындарында зерттеу жұмыстарын дамыту қолға алынбақ

26.10.2022, 10:30 1 367

ШҚО-дағы жоғарғы оқу орындарында ғылыми, зерттеу жұмыстарын дамыту қолға алынатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өңірдегі жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Ол екі университеттің материалдық-техникалық базасымен, ғылыми жетістіктерімен және жаңа жобаларымен танысты.

Сондай-ақ, Саясат Нұрбек Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдық университеттер жанындағы ғылымды дамыту екенін атап өтті.

-        Қазір біздің ЖОО-лардың 70% - ы тек оқытумен айналысады, зерттеу жұмыстарын кейбіреуі ғана жүргізеді. Біздің Президент белгілеген басымдықтардың біріншісі - аймақтық университеттерге көңіл бөлу, өйткені дәл осы жерде белгілі бір салада жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Екіншісі - жоғары оқу орындарын ғылыми-зерттеу университеттеріне айналдыру. Бұл бағдарлама келесі жылы жұмыс істей бастайды. Үшіншісі - кадрларды даярлау. Қазір студенттердің 90%-ы бакалаврлар, сондықтан біздің міндетіміз-студенттерді жоғары оқу орындарында қалып, ғылыммен айналысуы. Маңызды факт - зерттеулер мен өндірістерді біріктіру. Біз зертханаларды құруға ғана емес, өз өндірістерімізге де инвестиция салуымыз керек, - деді министр.

Бұл ретте әрбір университеттің жанынан патент пен авторлық құқық алатын кеңселер ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл барлық қажетті құжаттарды бір жерде беру үшін жасалады.

-        Біз өзіміз патенттік сенім білдірілген өкілдерді оқытып, сертификаттайтын боламыз, ал ғалымдарға ғылыммен одан да қарқынды айналысуға мүмкіндік береміз, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу