Мектептен маман болып шығады – ШҚО
сурет көрнекілік үшін
Шығыс Қазақстанда жоғары сынып оқушылары мектепте оқи жүріп, колледжде жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады.
Облыстық білім басқармасы эксперименттік бағдарламаны келер жылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Оқушыларды жұмыс біліктілігі бойынша даярлау ТжКБ ұйымдарында ұсынылған мамандықтар мен біліктіліктер тізіміне сәйкес ерікті негізде және тегін жүзеге асырылады», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышова.
Қазірше бағдарламаға Өскемен құрылыс колледжі, «КВАНСОН» Қазақстан-Корей колледжі және Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі қатысуға ниет білдірген.
«Сабақтар штаттық офлайн режимде жүргізіледі. Оқу процесі арнайы кесте бойынша ұйымдастырылады», - дейді басқарма басшысы.
Оқу аяқталғаннан кейін бағдарламаға қатысушылар орта білім туралы аттестатқа колледж дипломын қоса алып, бірден мамандық бойынша жұмыс істей алады.
Оқи отырыңыз