KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Негізгі ҰБТ аяқталды. Талапкерлердің көрсеткіші қандай?

Фото: turkystan.kz

8.07.2023, 10:23 530 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда грант конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін негізгі ҰБТ аяқталды. Оған 304 мың түлек қатысса, олардың 76 пайызы тесті қазақ тілінде тапсырды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты. 


ҰБТ қатысушыларының 79 пайызы шекті балл жинады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда шамамен 10 пайызға жоғары. Сондай-ақ тест тапсырушылардың орташа көрсеткіші де өскен. 2022 жылы ол 67 балл болса, биыл 70-ке көтерілді.
Биыл грант конкурсына құжаттар электронды форматта 13-20 шілде аралығында қабылданады. Конкурс нәтижесі 10 тамызда жарияланады. Ал университеттер абитуриенттерді 25 тамызға дейін студент қатарына қабылдайды.

"Биыл жоғары оқу орнына түсетін абитуриенттерге көп жағдай жасалды. Президент тапсырмасына сәйкес, биыл гранттардың саны 5 мыңға өсті. Ал стипендияның мөлшері 20 пайызға өсетін болады. 2023-2024 оқу жылына бөлінетін мемлекеттік тапсырыстың көлеміне тоқталар болсақ: бакалавриатта – 73 061 грантты, магистратурада – 13 088 грантты, докторантурада – 1890 орынды құрап отыр", – деп жазды ғылым вице-министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив